Русский Сайттың толық нұсқасы

Атыраулық 700 бала лагерьде тегін тынығады

  • AstanaTV
  • 23 мамыр 2024
  • 532

Атырау облыстық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Света Аманшиева Түркістан облысындағы “Delve camp” балалар демалыс лагерінің өкілі Шоқан Қайырғалиұлымен кездесті, деп хабарлайды AtyrauPress.

Лагер басшылығы Атырау облысының 10-14 жас аралығындағы аз қамтылған, көпбалалы отбасыларынан шыққан, оқуда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген және мектеп өміріне белсене араласатын 700 баланы 5 кезеңмен тегін демалуларына мүмкіндік жасап отыр - деп хабарлайды Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарова.

Шоқан Қайырғалиұлының айтуынша жазғы лагерде балалардың толыққанды тынығып, ағылшын тілін меңгерулеріне барлық жағдайлар жасалған. Және ең бастысы қауіпсіздік шаралары қатаң бақылауға алынған.

Балалардың алғашқы легі 28 мамырда демалысқа аттанады.