Русский Сайттың толық нұсқасы

«Рәмізге құрмет – ұрпаққа міндет» атты танымдық экскурсия өтті

Астанада «Рәмізге құрмет – ұрпаққа міндет» атты танымдық экскурсия өтті. Шара «Мемлекеттік рәміздер» күніне орай ұлттық музейде ұйымдастырылды. Оған бастауыш және жоғары сынып оқушылары қатысты. Кездесу барысында оқушыларға еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы тарихы жеткен жетістіктері таныстырылды. Жиынға елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібеков арнайы шақыртылған. Ол өзінің авторлық елтаңба төсбелгісін оқушылардың біріне сыйлады.

Жандарбек МӘЛІБЕКОВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАСЫНЫҢ АВТОРЫ:

Қанша көп білген сайын біздің рәміздеріміздің, тарихымыздың керек болса парасатымыз санамыздың түзелуіне әсер етеді деп ойлаймын. Қанша санамыз түзелген сайын, соншалықты біз жаңа Қазақстанымыздың, жаңа дәуіріміздің, жаңа азаматтары болып қалыптасамыз.

Ардақ НАЗАРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Ұрпақ біздің болашағымыз, алдынғы буын аға ретінде оларға үлгі-өнеге болу біздің міндетіміз деп түсінемін. Сондықтан қазақтың туы мәңгі желбіресін. Сол туды қорғайтын ер-азаматтар, намысты азаматтар аман болсын дегім келеді.