Атыраулық оқушы шетелдік үздік 4 университетке жолдама алды. Назарбаев зияткерлік мектебінің биылғы түлегі Томирис Көшекенова болашағын ІТ саласымен байланыстырады. Ол 8-ші сыныпта бағдарламалау курсына қатыса бастағаннан-ақ мамандығын таңдап қойған. Қазір оның қолында 4 түрлі шақырту тұр: Гонконгтағы 3 университет және Мажарстандағы бір жоғары оқу орны. Барлығы -100 пайыз тегін грант. Томиристің таңдауы – Гонконгтағы үш оқу орнының бірі. Талапты оқушы бұған дейін бірнеше ғылыми жобаларда бақ сынап, үздіктер қатарыннан табылған. Сол жобалардың бірі – оптопедиялық ауруларды емдейтін ұлтарақ жасау. Томирис білімін жетілдіру арқылы жобаны стартапқа айналдыруды көздейді.
Томирис КӨШЕКЕНОВА, 12-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:
Бұл ауру көбінесе даяшылар арасында, мұғалімдер аясында, яғни аяқта көп, аяғымен көп жүретін мамандарда көбіне табылады. Бұл мәселені шешу үшін мен Аардуина бағдарламасын қолданып, 3 Д принтері арқылы ұлтарақты принттадым. Яғни бұл ұлтарақ әр адамға индивидуалды.