Қазақстан Республикасы ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросы түрік әріптестерімен және Анталиядағы қазақстандық консулдықпен бірлесіп, 3 жасар баланы елге қайтарды, деп хабарлайды polisia.kz.
Бүлдіршінді анасының хабарынсыз бұрынғы жұбайы Түркияға Өзбекстан арқылы алып кеткен.
Одан кейін әйел полицияға жүгінген. Қазіргі уақытта бала анасымен бірге Қазақстанда.