Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақсуда күйік шалған екі әйел адамның жағдайы анықталды

  • AstanaTV
  • 26 мамыр 2024
  • 1544

Олардың бірінің жағдайы ауыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 24 мамыр күні сағат 20:07 минутта жедел жәрдем бригадасы Ақсу ферроқорытпа зауытынан зардап шеккен екі адамды Ақсу қалалық ауруханасының қабылдау бөлімшесіне жеткізді. 

Науқас пен жедел жәрдем фельдшерінің айтуынша, өндірістік жарақат, күйік шамамен 30 минут бұрын жұмыс орнында болған. Тексеруден және медициналық көмек көрсетуден кейін 1985 жылы туған әйел адам оң қолының термиялық күйігімен амбулаториялық емдеуге жіберілді.

– Екінші зардап шеккен 1999 жылы туған әйел ауыр термиялық күйікпен реанимация және қарқынды терапия бөліміне жатқызылды, – деп жазылған хабарламада. 

Зардап шеккен адам жағдайдың ауырлығы мен бейінді бөлімшеде емдеу қажеттілігі ескеріле отырып, санитарлық авиация желісімен медициналық көмек көрсету үшін Павлодар қаласы №1 ауруханасының күйік бөлімшесіне ауыстырылды.

Еске сала кетейік, Ақсу ферроқорытпа зауытында екі кран машинисі зардап шекті.