Русский Сайттың толық нұсқасы

Перзентханадағы өрттен 6 нәресте қайтыс болды

  • AstanaTV
  • 27 мамыр 2024
  • 6925

Делидегі ауруханада өрт шығып, алты жаңа туған нәресте қаза тапты. Бұл туралы Bugin.kz телшісі BBC ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Үндістан астанасының Вивек Вихар ауданындағы ауруханада өрт шықты. Бөлімшеде 12 сәби болған. Билік қашып кеткен аурухана иесіне қатысты заңды шара қолданылатынын айтты.

Дели өрт сөндіру қызметінің директоры Атул Гарг "Press Trust of India" ақпараттық агенттігіне өртті сөндіруге 14 өрт сөндіруші жұмылдырылғанын айтты.

Оттегі цистернасының жарылуы салдарынан өрт тым тез тараған. Құтқарушылардың айтуынша, жалғыз баспалдақ пен өрт шығу жолы жоқ ғимаратқа кіру шектелгендіктен құтқару жұмыстары бәсеңдеген.

Премьер-министр Нарендра Моди X парақшасында:

"Делидегі ауруханадағы өрт – жүректі ауыртатын қайғылы оқиға",- деп жазды.