Русский Сайттың толық нұсқасы

Папуа-Жаңа Гвинеяда таудан лай көшіп, 670 адам көміліп қалды

  • AstanaTV
  • 27 мамыр 2024
  • 1572
фото: ВВС

Папуа-Жаңа Гвинеяда таудан лай көшіп, 670-тей адам көміліп қалды. Мұны Біріккен Ұлттар Ұйымы мәлімдеді.

Қайғылы оқиға шалғайдағы Энга провинциясында түнде болған. Соңғы ақпаратқа сүйенсек, шамамен 150-ден астам үй батпақтың астында қалған. Мың шақты тұрғын баспанасынан айырылды. Құрбандар саны әлі өсуі мүмкін. Себебі бұл ауданға елдің өзге аймақтарындағы тайпааралық жанжалдан қашып барған босқын көп.

Жергілікті билік жауын-шашын маусымы жалғасып жатқандықтан, тағы да лай көшкін жүруі мүмкін екенін ескертіп отыр,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы.