Русский Сайттың толық нұсқасы

«AMANAT» партиясының кезекті көшпелі қоғамдық қабылдауы Қазығұрт ауданында өтті

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезекті көшпелі қоғамдық қабылдауы Қазығұрт ауданында өтті. Қарабау ауылдық округіне қарасты Сынтас елдімекеніндегі кездесуге 250 ден астам тұрғын келген. Ауыл азаматтарының сауалдары сан салалы. Олар көкейіндегі көп сауалға басқарма, түрлі мекеме өкілдерінен облыс орталығына сабылмай-ақ бір жерден жауап алды. «Құқықтық көмек» жобасы аясында заң өкілдеріне жүгінген тұрғындардың сол жерде-ақ біраз мәселесі шешілді. Мобильді көшпелі қоғамдық қабылдауда азаматтар жеке бастың емес, негізінен көпшілікке ортақ мәселелерді көтерді. 

Боранбай ТОЛЫБАЕВ, ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Біздің Үшбұлақ елдімекенімізде үлкен каналымыз бар. Каналымыз толып қалған себепті жаңбыр жауғанда үйді үйге су кіріп кетеді. Соның бәрі Аманат партиясына айтып, ол кісілер тазалатып береміз деп уәдесін алып шығып келе жатырмыз. Аманат партиясына үлкен рақметімізді айтамыз.

Алтынсары ҮМБЕТӘЛИЕВ,  «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Басты мәселенің бәрі осында жер мәселесі, көшені жарықтандыру, мектептерді күрделі жөндеу мәселесі бойынша, тұрғын үйлер бойынша мәселелер көтерілді. Соның бірәз мәселесі заң аясында шешілді. Қалғандарын біз партиялық бақылауға алып қойдық бүгінгі таңға. Осындай жұмыстар біз ай сайын жүргізіп жатырмыз облысымызда. Бұл үлкен жемісін беріп жатыр.