АҚШ-тың Арканзас, Техас, Оклахома штаттарында алапат дауыл мен торнадо салдарынан 18 адам қаза тапты. Тағы 100-ден астамы жараланған.
Біраз үй жермен-жексен болып, ағаштар құлап, жолдар жабылды. Автомашиналар аударылып, электр сымдары үзіліп, 3 штатта 200 мыңдай үй жарықсыз қалды. Қазір зардап шеккен аудандарда іздеу-құтқару және қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.
Синоптиктер Миссури, Иллинойс, Кентукки, Теннесси штаттарына да қатты дауыл болатынын хабарлады,-деп жазады Қазақстан Телеарнасы.