Францияның Лион қаласында белгісіз біреу метрода тұрғындарға пышақпен шабуыл жасап, 4 адам зардап шекті. Оның екеуі ауыр халде.
Қаскөй 27 жастағы марокколық азамат болып шықты.
Қазір қамауға алынды. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, күдікті осыдан 2 жыл бұрын ел аумағынан шеттетілуі тиіс болған. Өйткені оның бұған дейін бірнеше құқықбұзушылықтарға қатысы болғаны анықталды.
Полиция "Қасақана кісі өлтіруге оқталу" бабы бойынша тергеуді бастады,-деп хабарлайды 24.kz.