Құлсары қаласында авариялық-құтқару жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде. ҚР ТЖМ жұмыс барысын көрсетті.
Жылыой ауданының Құлсары қаласында авариялық-құтқару жұмыстары және су тасқыны салдарын жою жұмыстары жалғасуда.
"Тәулігіне 34 мың текше метрден астам тасқын су айдалды. Барлық кезеңде 6,3 млн. текше метрден астам еріген су айдалды",- делінген ведомство хабарламасында.