Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбедегі жанжалдан бір адам қаза тапты

  • AstanaTV
  • 28 мамыр 2024
  • 1543

Ақтөбедегі жанжалдан оқ ату мен пышақ жарақаттары салдарынан бір адам қаза тауып, бірнеше адам жараланды.

Ақтөбе облысы ПД мәліметінше, 28 мамырда 18-22 жас аралығындағы облыстың бірнеше тұрғыны атыс және пышақ жарақаттарымен қалалық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді.

Пышақ жарақатын алған бір азамат жансақтау бөлімінде көз жұмды.

"Осы қылмысты жасады деген күдікпен "ыстық із" бойынша полиция төрт күдіктіні анықтап, ұстады. Олардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды".

Кісі өлтіру және бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеулер жүргізілуде. Трагедияның егжей - тегжейлері әлі белгісіз.

Қылмыстық істі тергеу барысы Ақтөбе облысы ПД бастығының жеке бақылауында.