Қарағанды облысында жолаушылар автобусынан өрт шықты, деп хабарлайды.
ТЖМ мәліметінше, Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» тас жолының 27 шақырымында жолаушылар автобусының мотор бөлшегі жанған.
Өрт кезінде автобуста 15 жолаушы болған, оның ішінде 7 бала көліктен өздіктерінен шыққан.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрттің алдын ала себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы.