Русский Сайттың толық нұсқасы

ХҚКО кейбір қызметтері істен шықты

  • AstanaTV
  • 13 ақпан 2017
  • 2870

Астанадағы «Халыққа қызмет көрсету орталықтарында» істен шыққан бірнеше қызмет түрлері ертең іске қосылмақ. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялардың» баспасөз қызметі хабарлады. Бүгін таңғы сағат сегізден бастап орталықтарда оннан аса қызметтің түрі жұмыс істемей қалған еді. Сонымен қатар электронды үкімет порталында да жылжымайтын мүлікке қатысты бірнеше қызмет түрлері уақытша тоқтатылған.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметінің өкілі: 

Техникалық ақауларға байланысты жылжымайтын мүлік регистрі мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйесінде алдағы 24 сағатта жоспардан тыс жұмыстар жүргізілуде. Осы себепті жылжымайтын мүлікке қатысты, оның ішінде жылжымайтын мүлік құқықтарын тіркеу, тұрғылықты жер бойынша тіркеу, жылжымайтын мүліктің болуы немесе болмауы туралы ақпараттар және тағы басқа мәліметтерді алу уақытша мүмкін болмайды. Аталған қызметке электронды үкімет порталы және азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациялар бөлімшелерінде қол жеткізу мүмкін болмайды.