Русский Сайттың толық нұсқасы

"Сағатының өзі - 23 миллион 350 мың теңге". Баян Мақсатқызының бір күндік образы қанша тұрады?

  • AstanaTV
  • 29 мамыр 2024
  • 1406

Жансая Махабаева есімді блогер танымал продюсер Баян Мақсатқызының бір күндік образы қанша тұратынын есептеп көрді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Баян Алагөзованың мына образы қанша тұрады деп ойлайсыздар?

Әдеттегідей киімінен бастайық, мына күртесі Prada брендінен - 925 мың теңге тұрады.

Ішкөйлегі де осы брендтен - 425 мың теңге.

Туфлиі Баян Мақсатқызының ең сүйікті Jimmy Choo брендінен - 800 мың теңге.

Сөмкесі Сhanel брендінен - 2 миллион 800 мың теңге.

Көзілдірігі Louis Vuitto брендінен - 280 мың теңге.

Әшекейлеріне көшейік.

Алқалары Van Cleef брендінің Alhambra топтамасынан. Әрине, алтын мен гауһар тастармен апталған, бір мотивімен - 4 миллион 600 мың теңге. Ал 16 мотивімен - 18 миллион 700 теңге тұрады.

Білезігі Cartier брендінің Juste un Clou топтамасынан - 7 миллион 350 мың теңге.

Сағаты Cartier брендінен - 23 миллион 350 мың теңге.

Сақинасы Bulgari брендінің Serpenti топтамасынан, 3 рет оралған жылан пішінінде, толық гауһар тастармен көмкерілген - 9 миллион теңге.

Сонымен, барлығы - 68 миллион 230 мың теңге", - дейді блогер.