Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақмола облысында қайтыс болған студент өліміне 11 адам кінәлі деп танылды

  • AstanaTV
  • 29 мамыр 2024
  • 751

Ақмола облысында жұмбақ жағдайда қаза болған студент өліміне 11 адам кінәлі деп танылды. Оларға бопсалау, бұзақылық жасау, жәбірленушіні өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу дерегі бойынша айып тағылды.

Сот шешімімен Бурабай ауданының 10 тұрғыны 4 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Ал кәмелет жасқа толмаған жасөспірім қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Сондай-ақ, сотталушылар жәбірленуші отбасыға 4 миллион теңгеден астам қаржы көлемінде моральдық және материалдық шығынды өтеді.

Еске салайық, өткен жылы күзде 19 жасар Роман Бодаговтың денесі «Бурабай-Жамантұз» курорты аралығындағы теміржол рельсінен табылған. Кейін аталған іс бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жедел-тергеу тобы құрылған еді. Бұл туралы Қазақстан Телеарнасы хабарлайды.