Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада 19 жастағы бойжеткен "сүйіктімнен зәбір көрдім" деп отыр

Қызылордалық бойжеткен "сүйіктімнен зәбір көрдім" дейді. Айтуынша, оны жігіті алдап үйіне шақырып, қорқытып, зорлық көрсеткен. Артынша жаздым-жаңылдым деп кешірім сұрапты. Бірақ уақыт өте келе түсіріп алған видеоны таратамын деп, қоқан-лоққы жасаған көрінеді.

ЖӘБІРЛЕНУШІ:

Қинап, мені балтамен қорқытып, шығайын десем шыға алмаймын. Мен жүрмеймін сенімен дегенімде мені ұра бастады кәдімгідей.

ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ АНАСЫ:

Баланың жазасын алуын талап етемін. Егер де мен ақшаға құныққан адам болсам, сол күні маған айтты 3 млн дейсіңба, басқа дейсің ба алып береміз деді. Маған керек емес

Полиция департаменті бұл жағдайды растады. Тергеу амалдары басталған.

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:

Қылмыстық іс бойынша жан-жақты және объективті түрде тергеп-тексеру жүргізілуде. Нәтижесімен заңды шешім қабылданады. Сонымен қатар, ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талабына сай қылмыстық іс жүргізілу барысы тергеу құпиялығына байланысты жарияланбайтынын хабарлаймыз.