Русский Сайттың толық нұсқасы

Мальдив аралдарында жұқпалы ауру өршіп тұр

  • AstanaTV
  • 30 мамыр 2024
  • 971

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандық туристтерге Мальдив аралдарының Мале және Хулхумале аймақтарында чикунгунияның өршуі туралы ескертпе жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Чикунгунья – адамға масаның шағуы арқылы жұғатын «чикунгунья» вирусынан туындаған ауру. Африка, Америка, Азия, Еуропа, Кариб теңізі, сондай-ақ Үнді және Тынық мұхиттарын қоса алғанда әртүрлі елдерде бұл ауру өршіп тұр.

Чикунгунья белгілері ауру жұқтырған маса шаққаннан кейін 3-7 күн өткен соң білінеді. Ең көп таралған белгілері – қызба және буын ауруы. Бас ауруы, бұлшықет ауруы, буындардың ісінуі немесе бөртпе сияқты басқа белгілері де болуы мүмкін.

Өте ауыр аурудың қауіп тобына жаңа туған нәрестелер, босану кезінде инфекция жұқтырғандар, егде жастағы адамдар (65 жастағы және одан жоғары) және жоғары қан қысымы, қант диабеті немесе жүрек ауруы сияқты аурулары бар адамдар жатады.

Осыған байланысты Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы саяхат жасау кезінде инфекциялардан қорғану үшін келесі ұсынымдарды ұсынады:

Жәндіктерге қарсы тіркелген құралдарды қолданыңыз.