Русский Сайттың толық нұсқасы

Тасқыннан қырылған малдың 98 пайызына өтемақы төленді — вице-министр

  • AstanaTV
  • 30 мамыр 2024
  • 889

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин тасқыннан зардап шеккен 12 мыңнан астам малдың 237 басына ғана өтемақы төленбегенін айтты, - деп жазды KAZINFORM.

«Қора, үй сияқты мүліктің бәрі жылжымайтын мүлік тізбесінде тұрады. Сондықтан ол ауыл шаруашылығы министрлігінің құзырына жатпайды. Біз мал санағын жүргіземіз. Соған сәйкес 12 500-ге жуық мал шығыны тіркелді. Соның ішінде 237 бас малдан басқасының бәріне, 98 пайызына өтемақы төленді», — деді вице-министр.

Аманғали Бердалин қора-қопсыны қалпына келтіру мәселесімен жергілікті комиссияға жүгінуге болатынын айтты.

«Барлық өтініштерді жергілікті комиссиялар қарайды. Оны төлейтін - жергілікті атқарушы органдар. Әуелі комиссияға өтініші берсе, тексерсе, қажет болса не қордың есебінен, не бюджет есебінен төлеу жөнінде шешім қабылдайды», — деді вице-министр.

Оның айтуынша, қалған 237 бас малдың өтемақысына қатысты әлі шешім қабылданбаған.