Русский Сайттың толық нұсқасы

Бастауыш партия ұйымдарының І облыстық форумы өтті

Оралда бастауыш партия ұйымдарының бірінші облыстық форумы өтті. Жиында экология, білім, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мәселелері талқылады. Бастауыш партия ұйымдары қоғамдық саяси өмірге белсенді араласуда. Олар жергілікті мәселелермен жақсы таныс және жалғызбасты зейнеткерлерге, мүгедектерге, көпбалалы отбасыларға қай кезде де көмектесіп келеді. Су тасқыны кезінде де зардап шеккен ауылдарға бірінші болып көмек көрсетті. Форумда бір топ белсенділер "Алғыс хатпен" марапатталды. Айта кетейік, қазір аймақта ұйымның 27 мыңнан аса мүшесі бар. Олар осы бағыттағы 17 жобаны жүзеге асыруға атсалысуда. 

Азамат САФИМАЛИЕВ, «АМАNАТ» ПАРТИЯСЫ БҚОФ ЖАУАПТЫ ХАТШЫСЫ:

Су тасқынынан зардап шеккен аударға гуманитарлық көмекті бірінші болып партияластарымыз бен депутаттар жіберді. Жалпы, біздің партия мүшелері 116 миллион теңге жинады. Қаржыны баспанасыз қалғандарға тұрғын үй жалдауға жұмсадық.

Александр КРАСНИКОВ, ШАРУАШЫЛЫҚ БАСШЫСЫ, «АМАNАТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Мен Мичуринода тұратынымды мақтан тұтамын. Көмек қолын созуға барлығы құштар тұрады. Оны жастардың бойына да сіңіріп жатырмыз.