Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды

Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды. Мопед тізгіндеген 22 жастағы жігітті КамАЗ жүргізушісі қағып кетті. Салдарынан мопед жүргізушісі қаза тапты. Жол апаты Алматы қаласындағы Момышұлы көшесінің бойында болған. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.Қалалық полиция департаменті адам өліміне әкелген жол-көлік апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Салтанат ӘЗІРБЕК. АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Аталмыш жол-көлік оқиғасы салдарынан мопед жүргізушісі жан тәсілім етті, өкінішке қарай. Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 345- бабының 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалды.