Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ-та 59-шы «Грэмми» сыйлығын табыстау рәсімі өтті

  • AstanaTV
  • 13 ақпан 2017
  • 2630

АҚШ-та 59–шы «Грэмми» музыкалық сыйлығын табыстау рәсімі шулы киімдермен бірге, саяси пікірлермен де есте қалды. Жұлдыздардың кейбірі Дональд Трампты сөз қылса, енді бірі, əдеттегідей, қара нəсілділерді қолдайтынын білдірді, -деп жазады Рейтерс.

Ең көп талқыға түскен жаңалық - британдық əнші Адельдің марапаттан бас тартуы болды. Ол бұл сыйға əнші Бейонсе лайық деп санайды. "Жыл əні", "Жыл жазылымы", "Ең үздік поп орындау" номинацияларынан 5 бірдей жүлде алған Бейонсе тым жұқа көйлегімен папарациді қуантты. Ал шараның жүргізушісі британдық əзілқой Джеймс Корден "Біз президент Трамппен ары қарай не болатынын білмейміз,"- деген мəлімдеме жасады. Ал қара нəсілді орындаушы Джой Вилла, керісінше, Трампты қолдайтынын білдірді.