Русский Сайттың толық нұсқасы

Майқайыңдағы апат: 21 адам кінәлі деп танылуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 30 мамыр 2024
  • 796

Қазір қайғылы апатқа қатысты тексеру, зерттеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов мәлім етті, - деп жазды KAZINFORM.

«Менің білуімше, Майқайыңдағы апатты жағдай бойынша 21 адам кінәлі деп танылған сияқты, нақты айта алмаймыз. Іздеу жұмыстары қалған адамдардың өміріне қауіп келтіргені үшін тоқтатылды. Бірақ, комиссия жұмысын тоқтатқан жоқ, қазір оқиға орнында тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Біз үшін адамның өмірі қымбат. Негізі іздеу жұмыстарымен Төтенше жағдайлар министрлігі шұғылданады, біз комиссия құрамына маман ретінде кіреміз», - деді Төлеген Оспанқұлов.