Русский Сайттың толық нұсқасы

ШҚО-да бұршақ жауады

  • AstanaTV
  • 31 мамыр 2024
  • 1073

«Қазгидромет» 13 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады.

Ұлытау облысында найзағай күтіледі. 

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында тұман.

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі күтіледі, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Жетісу облысының Алакөл көлдері аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 

Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.

Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі. 

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік–батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік күтіледі. Көкшетау қ.: 31 мамырда түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.