Түркістан облысында «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында биыл 29 мектеп пайдалануға беріледі. Оның 19-ы 1-қыркүйек күні тапсырылады деп күтілуде. «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында облыста 49 мың оқушыға арналған 63 мектептің құрылысын жүргізу жоспарланған. Биылдың өзінде 23 мың орынға шақталған ғимарат қолданысқа беріледі. 2025 жылы тағы 34 мектеп тапсырылмақ. Құрылыс қарқынды. Жаңа мектептің бірі Отырар ауданының орталығында салынып жатыр. Шәуілдір ауылындағы 600 орындық ғимараттың құрылысы да былтыр басталған. Үш қабатты білім ұясында оқушыларға қажетті жағдайдың бәрі бар. Оқу ғимараты бірнеше бөліктен тұрады.
Жошы РЫСПАНОВ, УЧАСКЕ БАСШЫСЫ:
Бұл мектепте бәрі заманауи құрылғылармен жабдықталады. Оқушыларға барлық жағдай жасалады. Отандық өнімдерді қолданып жатырмыз, жиһаздар да. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстың 70 пайызын орындап қойдық.
Арын АХМЕТЖАН, ОТЫРАР АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ӘДІСКЕРІ:
Бұл жерге мұғалімдердің барлығы конкурстық негізде қабылданады. Өте білімді, білікті мұғалімдер келеді. Санатына қараймыз олардың. Оқушыларды да конкурстық негізде қараймыз.