Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Олар екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Сондай-ақ қарым-қатынастардың стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында дамып келе жатқанын атап өтті. Мемлекет басшылары екі ел үкіметтерінің сауда-экономикалық, инвестициялық, өнеркәсіптік және мәдени-гуманитарлық салаларда бұған дейін қол жеткізген уағдаластықтарды жүзеге асыру бағытындағы үйлесімді іс-қимылдарын жоғары бағалады. Өзекті мәселелерден соң, алдағы кездесулердің кестесін де пысықтады.