Русский Сайттың толық нұсқасы

«Қалтырап әрең отыр»: Талдықорған қаласында балаларды мас дәрігер қабылдаған

  • AstanaTV
  • 31 мамыр 2024
  • 4925

Бұл туралы Жұлдыз есімді желі қолданушысы Instagram парақшасына видео жариялаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мен басқа хирургті шақырыңыз деп талап етпегенше, басқа қызметкерлер мен ата-аналар сол дәрігердің аузына қарап тұра берді», - деп жазды тұрғын.

Көп ұзамай Көпсалалы облыстық балалар ауруханасы дәрігердің жұмыс уақытында мас болып отырғанына байланысты қызметінен қуылғанын хабарлады.

«2024 жылы 30 мамырда кешкі уақытта қызметкердің мас екені анықталды. Ол Еңбек кодексінің 48-бабына сәйкес дереу жұмыстан шеттетіліп, Еңбек кодексінің 52-бабына сәйкес жұмыстан шығарылды», - делінген аурухананың түсініктемесінде.