Русский Сайттың толық нұсқасы

286 млн теңге: Батыс Қазақстанда балаларына алимент төлеуден қашып жүрген әкелер жазаланды

  • AstanaTV
  • 01 маусым 2024
  • 3305

Батыс Қазақстан облысында борышкер әкелер 286,5 млн теңге сомасында балаларының алдындағы қарызын өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«10 қадам жобасы» бойынша атқарылған жұмыс нәтижесінде 100 борышкер сот шешімдерін орындамағаны үшін анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде сот 81 тұлғаны қамауға алып, 22 адамға айыппұл салынды.

«Бос жұмыс орындары жәрмеңкелері ұйымдастырылып, нәтижесінде 139 борышкер жұмысқа орналастырылды, 274 адам жұмыспен қамту органдарында тіркелді. Зиянды борышкерлерге тиесілі көліктерді анықтау және ұстау бойынша бірлескен рейдтер барысында, борышкерлердің алимент бойынша берешегі 12,5 млн.теңге сомасында 7 көлігі белгіленіп, қамауға алынды (4 тұлға 6 млн.теңге қарызын дереу өтеді)», - делінген хабарламада.

2 жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейтін алимент төлеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша 14 зиянды борышкерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.