Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысында қоғамдық көлік өртеніп кетті

  • AstanaTV
  • 01 маусым 2024
  • 1690

Алматы облысының Байсерке ауылында қоғамдық көлік өртеніп кетті. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Өрт сөндірушілер жолаушылар автобусындағы өртті сөндірді.

«Алматы облысының Байсерке ауылында қоғамдық көлік отқа оранды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», – делінген ТЖМ хабарламасында.

Құтқарушылар азаматтарды кезекті рет сақ болу керек екенін ескертті.

«Жолда көлігіңіз өртене бастаса, көлікті дереу тоқтатып, көліктен шығып кетуіңізді сұраймыз», – деп ескертті өрт сөндірушілер.