Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақмола облысында өрт болған үйден әйел адам терезе арқылы құтқарылды

  • AstanaTV
  • 01 маусым 2024
  • 1417

Ақкөл қаласындағы үш қабатты тұрғын үйдің пәтерлерінің бірі қызыл жалынға оранып, үй заттары өртеніп кетті. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қатты түтіннен қашып, 1987 жылы туған әйел терезеге шығып көмек сұрады. Өрт сөндірушілер үш иінді баспалдақтың көмегімен әйелді құтқарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.

Ведомство мәліметінше, пәтерден 2 газ баллоны шығарылды.

«Көрші пәтерлерден 6 адам өздігінен эвакуацияланды.
Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында шақыру түскен сәттен бастап өрт 30 минут ішінде жойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Шығу себебі анықталуда.
Адамды құтқару және өртті сөндіруге қатысқан батырлар: Бақтыбай Тілеубердиев, Александр Белоусов, Марлен Зилгарин, Сергей Водолазов, Дмитрий Ермак», - делінген хабарламада.