Русский Сайттың толық нұсқасы

Ыстамбұлда ғимарат қирады: жеті адам зардап шегіп, тағы екі адам үйінді астында қалып кеткен

  • AstanaTV
  • 02 маусым 2024
  • 2020

 Ыстамбұлдың Карталтепе ауданында үш қабатты ғимарат талқандалып, үйінді астында адамдар қалып кетті. Жеті адам құтқарылды, тағы екеуі әлі де табылмай жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ыстамбұлдың Карталтепе ауданындағы Беледие көшесінде орналасқан үш қабатты ғимарат жергілікті уақыт бойынша сағат 08:45 шамасында (Астана бойынша 10:54) құлады, деп хабарлады NTV түрік телеарнасы. Ғимараттың қирау себебі белгісіз.

Ғимараттың қирау сәті сыртқы бақылау бейнекамераларына түсіп қалған.