Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордадағы шыны зауыты құрылысына қосымша қаржы бөлінбейді - Ерболат Досаев

  • AstanaTV
  • 14 ақпан 2017
  • 2817

Қызылордадағы шыны зауытының құрылысына қосымша қаржы бөлінбейді. Бұл туралы «Бәйтерек» холдингінің басшысы Ерболат Досаев мәлімдеді. Оның айтуынша, нысанның құрылысы биыл қазан айында аяқталуы тиіс. Бұл алдын ала жоспар. Дегенмен Қызылорда облысының әкімдігімен бірлесіп, осы жоспарды орындауға тырысамыз, деп атап өтті Досаев.

Ерболат Досаев, «Бәйтерек» ҰБХ басқарма төрағасы:

Тексерістер жоқ. Алдында керек қағаздар алынған тұғын. Сол енді ұлттық бюро жұмысын бітіргеннен кейін арғы жағын көреміз. Дополнительные меры, у нас есть соответственные гарантии со стороны этого генподрядчика и эти процедурные меры будут приняты.

Еске салайық, ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаев осы шыны зауытына бөлінген қаржының 1  млрд теңгесін қолды қылды деген күдікке ілінген.