Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы маңында екі жүк және бес жеңіл көлік соқтығысып, ірі жол апаты болды

  • AstanaTV
  • 02 маусым 2024
  • 2506

Алматы-Бішкек тас жолында жеті көліктің қатысуымен жол апаты болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлеуметтік желіде келеңсіз оқиға жолдың 28-ші шақырымындағы "Барыс" базарының маңында болған.

Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, екі жүк көлігі мен бес жеңіл көлік соқтығысқан.

Жол апатына кінәлі адам әкімшілік заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.