Русский Сайттың толық нұсқасы

Шахан кентіндегі жарылған қазандықта еш кінәрат болмаған - әкім

  • AstanaTV
  • 14 ақпан 2017
  • 2527

«Шахан кентіндегі жарылған қазандықта еш кінәрат болмаған». Бұл туралы Шахтинск қаласының әкімі Сержан Аймақов «Астана» телеарнасына берген сұқбатында мәлімдеді. Яғни арнайы сараптама нәтижесінде көпқабатты үйдегі жарылған қазандықтан ақау табылмапты. Алдын ала болжам бойынша, төтенше жағдай отты дұрыс жақпағаннан болуы мүмкін.

Сержан Аймақов, Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімі:

Қазандық жасалған металда еш қауіп табылған жоқ. Ол тиісті ГОСТ-қа сәйкес металдан жасалған екен. Сварка жасалған шовтары котелдың, олар да бүгінгі күнгі технологияға сай жасалған деп есептелді. Жаңағы қазандықтың өзінде қауіп болған жоқ. Бұл свет жоқ кезде тиісті өшірілмеген, қатты қызған. Су бу болып кеткен. Содан кейін атылды деп есептейміз.

Жаңа жылдың алғашқы күнінде Шахан кентіндегі көпқабатты үйдің жертөлесінде қазандық жарылған. Салдарынан бір подъез құлап, 9 адам қаза тапты. 4 пәтер мүлде жарамсыз күйге түсіп, тағы 10 баспана жартылай зақымданған. Қазір көмек қорына жиналған қаржыдан 9 отбасына пәтер сатып алынды. Аталған қорға ірі компаниялар мен қарапайым қазақстандықтардан 154 млн теңге жиналған. Жылу жинау әлі жалғасуда. Жергілікті билік өкілдері Шахандағы көпқабатты үйлердің жертөлесінде орналасқан 14 қазандықты сыртқа шығару үшін де халықтың көмегіне жүгінбек. Әкімдіктің есебінше, оған 70 млн теңге қажет. Бұл соманы келесі жылыту маусымына дейін жинау үшін демеушілер тарту да жоспарланған. 

Айжан ҚУАШ