Русский Сайттың толық нұсқасы

Алғаш рет оқушылар арасында экофестиваль өтті

Бас қалада мектеп оқушыларының қатысуымен тұңғыш экофестиваль өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 250-ден астам бала қатысты. Экологиялық жобалар арасында 36 жұмыс финалға өтіп, 6 оқушы түрлі номинация бойынша жеңімпаз атанды. 

Нариман ӘБІЛШАЙЫҚОВ, «ХАЛЫҚ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бұл конкурс алғаш рет ұйымдастырылып отыр, сондықтан да осы конкурсты жыл сайын өткіземіз бе деген жоспарымыз бар. Осы жылы 250 адам қатысса, келесі жылы одан да көп адам қатысады деп үміттеніп отырмыз.

Оқ бойы озық болғандарға “Халық” қайырымдылық қоры 1 миллион теңгеден табыстады. Жеңімпаздар экологиялық мәселелерді көрсетіп, қоршаған ортаны қорғау жолдарын ұсынған. Айта кетейік, экология тақырыбы мен балалардың креативі бір арнада тоғысқан шара елімізде бірінші рет ұйымдастырылып отыр. 

Аяна РАҚЫМЖАНОВА, ЖОБА ЖЕҢІМПАЗЫ:

Мен өзімнің туған жерімнің экологиялық проблемасын видеоға түсірдім. Әсерім өте андай, айта алмай тұрмын, қобалжып тұрмын. Өзімнің жеңімпаз болатынымды күткен жоқпын.