Абай облысы Бородулиха ауданының тұрғыны 30 жастағы Динара Досымбекова 26 мамырда жоғалып кетті. Арада бірнеше күн өткенде оның өлі денесі табылды. Полиция қызды өлтірді деген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті әйел қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалды», - деді облыс ПД бастығының орынбасары Абай полиция полковнигі Елдос Закимов.
ПД қызды өлтірді деген күдікті оның анасы екенін растады.