Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада автобустар түнде де жүреді

  • AstanaTV
  • 04 маусым 2024
  • 1054

Астанада автобустар түнде де жүреді.  Бұл туралы "City Transportation Systems" ЖШС хабарлады. 

Жазғы кезеңнің басталуымен, қаланы одан да ыңғайлы және қолжетімді ету үшін түнгі №№ 201, 202, 203 бағдарларын іске қосу жоспарлануда. Елорда тұрғындары мен қонақтары енді түнгі уақыттарда, сағат 00:00-ден 06:00-ге дейін қалада оңай әрі жайлы қозғала алатын болады.

"Түнгі бағдарлар қаланың негізгі аудандарын қамтып, негізгі көлік хабтарын байланыстырады.
Бағдарлардың қозғалыс сызбасы мен жүру кестесі туралы толық ақпаратты іске қосуға жақын жариялаймыз",-делінген хабарламада.