Русский Сайттың толық нұсқасы

Жастар Елбасының жолдауын талқылады

  • AstanaTV
  • 14 ақпан 2017
  • 2987

Жастар Елбасының саясатын қолдайды. Астана қалалық «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауын талқылап, өз ойларын ортаға салды.

Жиын барысында билік тармақтарының өкілеттіліктерін бөлу туралы үндеу де әңгіме арқауына айналды. Кездесуде 250-ге жуық белсенді жас бас қосқан. Жастар кез-келген мемлекеттің қозғаушы локомотиві болуы керек деген сенімді нық ұстанған олар еліміздің саяси-әлеуметтік бағытын түсіндіруге талпынды.

Мұхамеджан Болысбек, «Жас Отан» ЖҚ Астана қалалық филиалының төрағасы:

Жастармен жастар тілінде, еркін сөйлесуіміз керек. Бүгін мына төртінші және бесінші басымдылықта айтылған үш тұғырлы тіл  саласы, ІТ саласы, ұлтжандылықты дамыту, сонымен қатар Елбасы атап өткен рухани адамгершілікті рухты жастарды қалыптастыруға бағытталған пікір алмасу шарасы өтті.