Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда келесі аптада ыстық су өшіріледі

  • AstanaTV
  • 04 маусым 2024
  • 2427

Алматыда "Алматыжылужайэнерго" ЖШС қазандықтарында жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ол үшін коммуналдық қызметтер 10 маусымнан бастап кейбір үйлерде ыстық суды өшіре бастайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Алматыжылужайэнерго" ЖШС қазандықтарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ыстық сумен жабдықтау қызметіне жергілікті уақытша шектеулер енгізіліп жатыр, - делінген хабарламада.