Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкенттік оқушылар топырақ эрозиясымен күресетін арнайы жоба ойлап тапты

Шымкенттік оқушылар ауылшаруашылығындағы өзекті мәселелердің бірі - топырақ эрозиясымен күресетін жоба ойлап тапты. Егістік алқаптарда тыңайтқыштар мен пестицидтердің шамадан тыс қолданылуының әсерінен топырақта ауыр металлдар жиналатыны оқушыларды бей-жай қалдырмаған. Мобильді қосымша арнайы датчикке беріледі. Құрылғы электромагнитті толқындар мен резонанстық құбылыс арқылы топырақтағы металлдың түрін, қаншалықты терең жатқандығын анықтап береді. Сондай-ақ, өсімдік туралы ақпарат және оны қалай егу, баптау керектігі жөнінде толық мәлімет бар. 

Гүлден КАМАЛ,  ЖОБА АВТОРЫ:

Жалпы Қазақстанның 76 пайызға жуық жері эрозияға ұшыраған. Бұл-эрозия ең басты проблема. Біз Қазақстан бидайды экспорттайтын мемлекетпіз ғой, көптеген жер эрозияға ұшырап жатқандықтан қазір бидайды кез келген жерге өсіре алмаймыз. Сол үшін бұл ауыл шаруалығындағы өте ауқымды проблема болып табылады. Яғни эрозияның салдары өте жоғары ауылшаруашылығында. Сондықтан бұл проблемадан құтылсақ бұл мемлекет үшін өте ауқымды жақсы шешім бола алады.