Русский Сайттың толық нұсқасы

Зейнетақы активтері шет елдік және меншікті компанияларға беріледі

  • AstanaTV
  • 15 ақпан 2017
  • 2548

Зейнетақы активтері шет елдік және меншікті компанияларға берілуі мүмкін. Бұл бәсекелестікті арттыруға әсер етеді. Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев осылай деп мәлімдеді. Айтуынша, қорға жаңа басшының тағайындалуы тың өзгерістер әкеледі. Бұған дейін салымшылардың таңдау мүмкіндігі болмаған. Қаржыны мемлекет реттеп, барлық қауіп-қатер де өз мойнына алып келді. Алдағы уақытта салымшыларға таңдау беріліп, олар өздері сенім артқан компанияға тіркеле алады.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:

Зейнетақы жинақтарын қайда сақтайтынын салымшы шешуі керек. Қазір меншікті компанияларды осы іске тарту жәйін қарастырып жатырмыз. Үкіметке тиісті ұсыныс жолданды.

Данияр Ақышев, теңге бағамының болашақта қалай құбылатыны туралы болжам жасай алмаймын, деді. Ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамының тұрақтануы сыртқы факторлар мен мұнай құнына тәуелді екеніне ғана тоқталды. Ал банктерді қолдауға бюджеттен бөлінетін қосымша қаражаттың арқасында несие төңірегіндегі даулы істерге нүкте қою керектігін, атап өтті.