Русский Сайттың толық нұсқасы

Бүгін кей өңірде 40 градусқа дейін күн ысиды

  • AstanaTV
  • 06 маусым 2024
  • 601

6 маусымда еліміздің кей өңірлерде ауа температурасы күрт көтеріліп, 40 градусқа дейін жетуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, Астанада күндіз найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында да найзағай ойнайды. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі туындайды.

Жезқазғанда да найзағай ойнайды. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде ауа температурасы 40 градусқа дейін көтеріледі. Облыс бойынша өрт қаупі өте жоғары болады.

Ақтауда да өрт қаупі жоғары.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұруы ықтимал. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде де тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с-ке жетеді, күндіз күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23 м/с.

Петропавлда найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с.

Күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қарағандыда күндіз найзағай ойнайды. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде дауыл тұрып, бұршақ жауады. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында 37 градус аптап ыстық болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Оралда күндіз найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жауады. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 18 м/с-ке жетеді. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

Күндіз Абай облысының солтүстік-батысында найзағай ойнайды. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жылдамдығы 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында 35 градус ыстық болады. Облыстың басым бөлігінде облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.Ақтөбеде күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Түркістан облысының тауларында найзағай ойнайды. Шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Шымкентте жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістанда жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Атырау облысының шығысында, солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыста 38 градус аптап ыстық. Облыста жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырауда күндіз 37 градус ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.

Көкшетауда таңертең және күндіз найзағай ойнайды.

Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай ойнап, дауыл тұрады. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде күші 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 40 градус қатты ыстық болады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылордада жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанайда найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады. 6 маусымда облыстың таулы аудандарында, 7-8 маусымда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші найзағай кезінде 18 м/с-ке жетеді.