Русский Сайттың толық нұсқасы

Маңғыстау облысында 2 жасар бала суға батып кетті

  • AstanaTV
  • 06 маусым 2024
  • 649

Қайғылы оқиға Қарақия ауданы Құрық ауылынан 5 шақырым жердегі Каспий теңізінде болған, деп хабарлайды Almaty.tv.

2022 жылы туған бүлдіршін шомылуға жабдықталмаған аумақта суға батып кетті.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жедел тергеу тобы құрылды.

«Алдын-ала болжам бойынша, суға түсу кезінде қауіпсіздік ережелері сақталмаған. Сондықтан мамандар судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға, атап айтқанда балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады», — деп жазды ТЖМ-нан.