Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандық ғалымдар спортшылар мен спорттық жылқылардың жағдайын зерттеуге кірісті

Қазақстандық ғалымдар спортшылар мен спорттық жылқылардың жағдайын зерттеуге кірісті. Алдағы күзде Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында спортшылар мен спорттық жылқыларды сапалы даярлау үшін 2 кешенді ғылыми топ құрылды. Олардың бірі атбегілікпен, екіншісі ұлттық спорт түрлерінің спортшыларын даярлаумен айналысады. Топтардың құрамына жетекші ғалымдар, ветеринар, биолог, генетик, сондай-ақ спорттық психология және медицина мамандары кірді. Ғалымдар оқу-жаттығу жиындары мен жарыстар өткізілетін жерлерде мониторинг жүргізеді. 

Нұркен БАЙБӨРИЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ АТ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН МЕМЛЕКЕТТІК ЖАТТЫҚТЫРУШЫ:

Балалардың денсаулығын, аттардың денсаулығын және олардың жұмысты істеп жатқандағы процессті зерттеу жұмыстары жүріп жатыр. Яғни, ғылыми тұрғыда да зерттеулер жүргізіліп жатыр. Сондықтан мұның бәрі дайындыққа, әрі қарай шыңдауына, жақсы көрсеткіш көрсетуіне үлкен әсерін тигізеді деп ойлаймыз.