Русский Сайттың толық нұсқасы

"Қауіпті құрылғы": Samsung ескіріп кеткен смартфондарын атады

  • AstanaTV
  • 06 маусым 2024
  • 621

Samsung корпорациясы брендтің бірқатар смартфоны ескіргенін айтты. Бұл туралы PhoneArena басылымы хабарлады,-деп жазды Stan.kz.  

2024 жылдан бастап Оңтүстік Кореяның Samsung корпорациясы Galaxy A51, Galaxy A41 және Galaxy M01 құрылғыларын қолдауын тоқтады. Бұл телефондар – 2020 жылы шыққан арзан смартфондар.

PhoneArena басылымының мәліметінше, қолдау тоқтағаннан кейін телефондар қауіпті болуы мүмкін. Себебі инженерлер енді бұл құрылғылардың жүйесін жаңартпайды және ондағы қате мен қауіпті түзейтін патчтарды жібермейді. Патч – смартфондағы қателерді, ақауларды түзейтін, функциясын жаңартатын бағдарлама құралы.

Алғашында Samsung корпорациясы Galaxy A51, Galaxy A41 және Galaxy M01 смартфондарына төрт жыл бойы қауіпсіздік патчтарын беріп отыруға уәде берген. Енді компания құрылғы иелеріне қызмет көрсетпеуге құқылы.

Айта кетері, бұған дейін 2024 жылғы наурызда Samsung қымбат тұрмайтын Galaxy A55 телефонын таныстырды. Смартфонның брендтің бұрынғы құрылғыларынан ерекшелігі бар: төрт жыл бойы құрылғының Android жүйесі жаңарып отырады және бес жыл бойы қауіпсіз патчын алады.