Русский Сайттың толық нұсқасы

Тоқты мен Торпақ табысқа кенеледі: 2024 жылғы маусымға арналған жұлдыз жорамал

  • AstanaTV
  • 06 маусым 2024
  • 1732

Маусымның астрологиялық аспектілері барлық белгіге мүмкіндік ашып тұр. Жұлдызнама бойынша бұл ай несімен ерекшеленетінін астролог Чани Николас айтты,-деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

Тоқты

Timesofindia ақпараттық басылымының жазуынша, планеталар шеруі 3 маусымда басталады. Меркурий, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран және Нептун бір қатарға тізбектеледі. Оны таңсәріде Солтүстік жарты шар тұрғындары (шығыста) көре алады. Бұл астрологиялық оқиға Тоқтының қызметінің өсуіне және табысының артуына ықпал етеді. Маусымда Тоқты гардеробын жаңартып, тәнін босаңсытып, сауықтыру процедураларын жасатуға құмар болады. Қарым-қатынаста үйлесім орнап, бос уақытының көп бөлігін үйде отбасымен бірге өткізеді. Кейбірі тойға шақырту алады.

Торпақ

Бұл айда Торпақтың жолы болады: мансабы өсіп, табысы артады. 6 маусымда Егіздердегі жаңа ай өзгерістерге итермелейді және тұрақтылыққа бейім белгіне тосын шешімдер қабылдауға итермелейді. Торпақ әңгімешіл бола түседі, бұл сұхбаттар мен келіссөз жүргізген кезде көмектеседі. Торпақтың жеке өмірінде мол өзгеріс болады. Көбі үйленеді. Ең сәтті уақыт – 22 маусымға дейінгі және одан кейінгі кезең, оны "бал айы" деп те атайды. Бұл кезең – бал айын өткізуге тамаша уақыт. Үйлену тойы.

Егіздер

Бұл айда ресурстарды ақылмен үнемдеу арқылы Егіздер қаржылық жағдайын нығайта алады. Жұмыс кезінде ұсық-түйекке мұқият болыңыз және оқып, таныспаған құжаттарға қол қоймаңыз. Маусым жаңа адамдармен танысуға және бұрыннан бар байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді. Әлдекем кездесуге шақырса, барыңыз, романтикаға жақын болыңыз.

Шаян

Айдың алғашқы екі онкүндігі сізді қаржылық тұрақтылық қуантады. 24 маусымнан кейін қызметіңіз өседі. Жаңа ай туған кезде мен ай толған кезде денсаулығыңызды күтіңіз. Шаянды жеке өмірінде жағымды және шабыттандыратын қарым-қатынастар күтіп тұр. Астролог Чани Николас 11 маусымға назар аударуға кеңес береді, өйткені Шолпанның әлсіздігін керемет қуаты алмастырады, бұл құмарлық пен шабытты арттырады.

Арыстан

Маусымда топтық жұмысқа көңіл бөліңіз. Көшбасшылық амбицияны ысыра тұрып, айналаңыздағы адамдардың пікірімен санасуды үйреніңіз. Сонда сіз о баста күткеннен де мол табысқа кенелесіз. Арыстанға Жазғы күн тоқырауы қуат береді. Күш-қуатыңызды жанжал мен әңгімеге сарп етпей, денсаулығыңызды жақсартуға көңіл бөліңіз. Қарым-қатынас пен некеде тұрақтылық орнайды. Басы бос Арыстандар маусымда тұрақты қарым-қатынс құруға лайық жанды кездестіреді.

Бикеш

Маусымда Бикештің жолы ашылады. Меркурийдің Юпитермен бірігуі Бикештің қызметінің өсуіне, қолға алған ісінің алға басуына түрткі болады. 20 маусымда Бикешке Меркурий мен Күннің Шаянға өтуі әсер етеді. Бұл Бикештің қаржылық жағдайын нығайтады. 14 маусымнан бастап Ақ Ай Бикешке әлеуметтік мәртебені нығайтуға мүмкіндік береді. Жаңа достар пайда болады, орта өзгереді, жалғыз жарым жүргендер сүйіктісін кезіктіреді. Денсаулығыңызды нығайтқыңыз келсе, Жазғы күн тоқырауында таң бозында тұрып, душ қабылдаңыз.

Таразылар

Таразылар үшін маусым шабыт пен марапат айы болады. Бұл айда зияткерлік әлеуеті артып, қосымша білім алады, абыройы артады. Білім көкжиегін кеңейтіп, байланыс орнату үшін саяхатқа шығыңыз. Қаржы өз-өзіне қанағаттануға мүмкіндік береді. Жұмыстағы мәселелерді шешу үшін әріптестеріңізге сенім артыңыз. Отбасында сенім мен сыйластық артып, көптеген мереке болады. Маусымда Таразылар өзін жақсы сезінеді, ал 20-нан кейін күш-қуаты арта түседі.

Сарышаян

9 маусымда Марстың Торпаққа енуі Сарышаянның қаржылық жағдайын жақсартады. Ұжымдық процеске қосылыңыз, серіктестік пен әлеуметтік байланыстарды дамытуға күш салыңыз, жұмысыңызды беріліп істеп, марапатқа ие болыңыз. Танымал болғысы келетіндерге маусымда мол мүмкіндік туады. Стрессті жеңілдетіп, күш-қуатты қалпына келтіріп, денсаулықты жақсарту үшін табиғатқа жақын болыңыз. Жаңа адаммен танысқанда мұқият болыңыз және сізді шынымен жақсы көретіндерге қамқорлық танытыңыз.

Мерген

Маусымда Мергендер жұмысбасты болады, шаршаған, бірақ өз-өзіне риза Мерген жұмысының нәтижесін көріп, қуанады. 3 маусымнан бастап сапарларға, кездесулерге барып, көптеген адаммен сөйлесуге тура келеді. Бұрынғы әріптестер және серіктестер оралып, бірлесіп бизнес ашуға немесе татуласуға ұсыныс жасайды.  Қаржылық жағдай қуантады. Жаңа айда өкпе-ренішті ұмытып, ренжіскен адамдарыңызбен татуласыңыз. 9 маусымнан бастап алтыншы үйдегі Марс сізді жаңа образ жасауға итермелейді.

Тауешкі

Маусымда жұмыс қарқынын бәсеңдету керек. Көңіліңіз қаламайтын жұмысты тастап, демалып, жаңа жұмыс іздейтін уақыт жетті. Астролог Лиза Стардасттың Vogue сән журналындағы бір жылға арналған жұлдыз жорамалында Тауешкі үшін басты астрологиялық аспект Балықтардағы ретроградты Сатурн болатыны жазылған. Ол 29 маусымда басталып, 15 қарашаға дейін жалғасады. Бұл Тауешкінің жанкешті, басқа адамдардың қалауына сезімтал болуына ықпал етіп, жаңа адамдармен таныстырып, сүйікті жанмен қарым-қатынасы нығайта түседі.

Суқұйғыш

Суқұйғыш маусымды жеңіл әрі жағымды өткізеді. Көңіл-күйі көтеріңкі болады, бұл жаңа адамдардың назарын аударады. Маусымның бірінші жартысы күнделікті күйбең тірлікпен өтеді, ал айдың екінші жартысында қызық жобалар әкеледі. Жаңа дүниелер жасауға туған мүмкіндіктен ләззат алып, әріптестеріңізді ой еңбегіне тартыңыз. Денсаулығыңыз мазаламайды, бірақ жаңа Ай туғанда мұқият болыңыз.

Балық

Балықтар маусымның көп бөлігін жұмыста емес, үйде отбасымен бірге өткізеді. Жаздың басында демалысқа шықпағандар ағымдағы мәселелерді шешуге ден қояды, мансап жолында талас-тартысқа түспейді. Қаржының көп бөлігі үй сатып алуға жұмсалады. Бірақ мұнымен ақшасы таусылып қалмайды. Үйдің кілті. Көрнекі фото: pixabay.com Маусымның ортасында Балықтар жақын адамдарына көбірек уақыт пен көңіл бөлуге мәжбүр болады. Үйдің айналасын көркейтіп, отбасылық мерекелерді жоспарлаңыз. Сүйіктісіне үйленуге ұсыныс білдіруді ойлап жүргендер осы айда түпкілікті шешімге келеді. Маусымда қолайлы аспектілер мен жаһандық астрологиялық процестер болады. Мақсаттарыңызға жету үшін оларды пайдаланудан қорықпаңыз.