Русский Сайттың толық нұсқасы

"930 мың теңге алған": Алматыда жүргізуші куәліктерін сатқан ХҚКО қызметкері ұсталды

  • AstanaTV
  • 07 маусым 2024
  • 526

Антикор мамандандырылған ХҚКО қызметіне кешенді мониторинг жүргізу барысында көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру барысындағы жемқорлық тәуекелдерін анықтады. 

Жаңа ақпараттық технологияларды енгізудің арқасында осы саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айтарлықтай азайтуға мүмкіндік туды.

Алайда, қазір жекелеген азаматтар, сондай-ақ мамандандырылған ХҚКО қызметкерлері ақшалай сыйақылар үшін мәселелерді шешуге тырысады.

“Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалы №1 мамандандырылған бөлімі басшысының халыққа қызмет көрсету жөніндегі орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Ол құжаттарды кедергісіз қабылдау және жүргізуші куәліктерін алу үшін автомектеп курсанттарын емтихан тапсыруға жіберу сылтауымен жергілікті кәсіпкерден 930 мың теңге сомасында алаяқтық жолмен ақша қаражатын иемденді деп күдіктелуде”, – делінген агенттік хабарламасында. 

Агенттіктің мәліметінше, қазір автокөлікті тіркеу бойынша жаңа ақпараттық жүйелер енгізілді, ол өтінімдерді рәсімдеу және қарау кезінде деректерді түзетуге мүмкіндік бермейді. Өзгерістер енгізу құқығы тек әкімшілік полиция комитетінде.

Агенттіктің ұсынысы бойынша денсаулық сақтау министрлігі ағымдағы жылдың мамыр айының басынан бастап көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы медициналық анықтама беруді электрондық форматқа ауыстырды.

Жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтихандарды тапсыру процесінде бейнетіркеу енгізілді. Енді бұл процесс қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету үшін тікелей эфирде көрсетіледі.

Сондай-ақ емтихандарды қайта тапсыру рәсімдері реттелді. Қайталама әрекеттердің саны – 2 реттен артық емес, өтпеген жағдайда – 3 айдан кейін, тыйым салынған заттарды пайдаланған кезде – 6 айдан кейін емтихан тапсыра алады.

Жаңа ақпараттық технологияларды енгізудің арқасында осы саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айтарлықтай азайтуға мүмкіндік туды. Алайда, қазіргі уақытта жекелеген азаматтар, сондай-ақ мамандандырылған ХҚКО қызметкерлері ақшалай сыйақылар үшін мәселелерді шешуге тырысуда.