Елімізде мемлекеттік қызметшілердің 55 пайызы – әйелдер. Оның шамамен 40 процентке жуығы басшылық лауазымдарда жұмыс істеуде. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бастамасымен өткен пікір алмасу алаңында айтылды. Ел игілігі үшін аянбай еңбек етіп жатқан аналар үшін де жағдай жасалған. Отбасы мен жұмысты қатар алып жүруге «икемді жұмыс уақыты» режимі енгізілген. Сондай-ақ, инклюзивтілік мәселелеріне де ерекше назар аударылуда. Ұйымдастырушылар Мемлекеттік қызметке қабылдауды жеңілдету үшін бірқатар мүмкіндіктер жасалғанын айтады.
Талант МЕДЕТ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ:
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Мемлекеттік қызметке кірудегі артық кедергілерді алып тастау мақсатында агенттікпен бірнеше тәсілдер қарастырылған. Сол тәсілдердің бір аудандық, ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға ешқандай конкурстарға қатыспай Мемлекеттік грантпен жоғарғы оқу орнын тәмәмдаған жас мамандарымызды аудандық, ауылдық деңгейдегі лауазымдарға тарту болып табылады.
Осындай мүмкіндіктің арқасында 172 жас маман қызметке орналасқан. Олардың 121-і аудандық, 51-і ауылдық жерлердегі мекемелерге қабылданды. Бұл бағдарлама арқылы жұмысқа орналасу үшін оқу үлгерімдік балы 3,33-тен кем болмауы керек. Бұл жас мамандардың өңірлерге оралуына, жергілікті жерлердегі қызметшілердің сапалық құрамын білімді жас кадрлармен толықтырылуына септігін тигізеді дейді жауаптылар.
Рамазан ҚҰЛЕТ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ЖАНГЕЛДИН АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:
Мен бұл бағдарламаға жоғарғы оқу орнын өте жақсы деген бағаға бітіріп, яғни GPA көрсеткішім жоғары нәтижені көрсеткеннен кейін аудандық жерге конкурссыз бірден қабылдандым. Жалпы мемлекеттік қызметкер болғым келді. Бірақ тестке дайындалып жүргенде осындай мүмкіншілік барын естіп бірден әкімнің қабылдауына кірдім. Депортаменттен келісім келгеннен кейін мені бірден бас маман қызметіне тағайындады.