Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде жоғалып кеткен ерекше бала 4 күннен бері табылмай жатыр

Ақтөбеде жоғалып кеткен ерекше бала 4 күннен бері табылмай жатыр. 13 жастағы Кәрім Жетруды іздеуге бес жүзден астам адам жұмылдырылған. Полиция қызметкерлері, еріктілер, құтқарушылар, алаңдаушылық білдірген азаматтар баланы күні-түні жан-жақтан іздестіріп жатыр. Сонымен қатар иісшіл иттер, аттар және 40 техника атсалысуда. 

Әсет ҚАЛИЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

«Полицияға жүгінген сәттен бастап үйлердің шатырлары мен аулалары, кәріз люктері, шұңқырлар, дала, оның ішінде орман алқаптары тексерілуде. Сонымен қатар, бағдарлауды көрсете отырып, қоғамдық тамақтану орындары, дүкендер мен сауда орталықтары тексерілуде.»