Ақтөбе облысындағы аудандық ауруханалардың бірінде жұмыс істейтін тіс дәрігері полиция алаяқтық фактісі бойынша арызданды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті,
Дәрігердің айтуынша, жақын таныс емес әйел мемлекеттік қордан өтеусіз несие алуға және көпбалалы отбасы ретінде пәтер алуға көмек көрсететінін айтып, оның 2 млн теңге сомасындағы ақшасын иеленген.
«Жәбірленуші ақшаны терминал арқылы аударған. Полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен 46 жастағы әйелді анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», - делінген хабарламада.